Курсы: VII құрастырған: ассистент Жанабаева С.Ө




Скачать 196.76 Kb.
НазваниеКурсы: VII құрастырған: ассистент Жанабаева С.Ө
Дата конвертации07.09.2013
Размер196.76 Kb.
ТипДокументы
ҚММА 2-1-73/02

ПП ҚММА 2-1/02


ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ


Мамандығы: «051101 – емдеу ісі»


Акушерлік және гинекология кафедрасы


ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

интерндер үшін


Тақырыбы: «Дисфункционалды жатырдан қан кету. Жіктелуі, клиникасы, диагностикасы, емі.»


Курсы: VII


Құрастырған: ассистент Жанабаева С.Ө.


ҚАРАҒАНДЫ – 200 ж.


Кафедра отырысында талқыланды


Хаттама № ____ «_____»_____________ 200 ж.


Каф. меңгерушісімен бекітілді,

м.ғ.д., доцент ______________________Мұстафина Г.Г.


1. Тақырыбы: «Дисфункционалды жатырдан қан кету. Жіктелуі, клиникасы, диагностикасы, емі.»


2. Оқу сағатының саны: 36


3. Тақырыптың маңыздылығы (мотивациясы)


Дисфункционалды жатырдан қан кету- аналық бездің гормондарының ырғақты бөлінуінің бұзылыстарымен байланысты және жыныс ағзаларының органикалық ауруларымен, организмнің жүйелі ауруларымен байланысты емес қан кетулер.

Әдетте, функционалды бұзылыстармен морфологиялық бұзылыстар бірге жүреді. ДЖҚК кезінде жатырдың көлемі науқастың жасына және организмнің эстрогенмен қанығу деңгейіне байланысты. ДЖҚК жиі Иценго-Кушинга, акромегалия, адреногениталды синдромның постпубертатты түрі, склерокистозды аналық бездер сияқты аурулардың бастапқы стадияларының көріністері білдіреді, және гипоталамо-гипофизарлы жүйенің терең тежелуімен процесс өршіген кезде аменорея пайда болады. Психикалық күйзелістер, қолайсыз материалды-тұрмыстық жағдайлар, климаттың өзгеруі, ойлау және физикалық күш түсу, гиповитаминоздар, уланулар мен инфекциялар ДЖҚК-дің себептері болуы мүмкін.

ДЖҚК жиі кездеседі: гинекологиялық аурулардың жалпы санынан 4-18%. ДЖҚК жиі жыныстық пісіп жетілу мен климактериялық кезеңде кездеседі.


4. Сабақтың (оқу) мақсаты


Интерн білуі тиіс:

- дисфункционалды жатырдан қан кетудің этиопатогенезін;

- жас ерекшеліктеріне байланысты дисфункционалды жатырдан қан кетудің клиникасын;



  • дисфункционалды жатырдан қан кетудің жіктелуін;

  • ДЖҚК науқастарда диагностикалық іздеудің алгоритмін;

  • ДЖҚК салыстырмалы диагностикасының принциптерін;

  • ДЖҚК диагнозын анықтау үшін негізгі және қосымша

зерттеу әдістерін;

  • ДЖҚК науқастарды консервативті емдеудің принциптерін;

  • ювенильді жатырдан қан кету кезіндегі гормоналды гемостазды;

  • ювенильді жатырдан қан кету кезінде хирургиялық гемостазға көрсеткіштерді;

  • жасқа байланысты ДЖҚК-дің қайталануын алдын-алудың

гормоналды әдістерін;

- жасқа байланысты ДЖҚК-дің қайталануын алдын-алудың

гормоналды емес әдістерін;

Интерн істей білуі тиіс:

- ДЖҚК науқастардың шағымы мен анамнез жинауды;

  • гинекологиялық науқасқа клиникалық тексеру (обьективті қарау мен арнайы гинекологиялық зерттеу) жүргізуді;

  • диагностикалық іздеудің бағдарламасын құруды;

  • болжамды диагнозды қою мен негіздеуді;

  • лабораторлық- инструменталды зерттеу әдістерінің нәтижелерін талдауды;

  • параклиникалық зерттеу әдістерін ескеріп негізгі клиникалық синдромды бөле білуді;

  • салыстырмалы диагноз ( эндометрийдің рагы немесе жатыр денесінің саркомасы, аналық бездің қатерсіз немесе қатерлі ісіктері, жатырлық жүктілік, аденомиоз, қабынулық тубоовариалды түзілістер) үшін аурулардың шеңберін анықтауды;

  • негізгі клиникалық синдром бойынша салыстырмалы диагноз жүргізуді;

  • жіктелу бойынша клиникалық диагнозды қою мен негіздеуді;

  • белгілі науқаста емдеудің негізгі аспектілерін анықтауды;

  • науқасты емдеудің жоспарын құрауды;

  • жүргізілген емнің нәтижесіне баға беруді, критерийді білу;

  • емнің ұзақтығы мен емдеу жоспарын дер кезінде өзгерте білуді;

  • емнің нәтижесіне байланысты науқастарға баға беруді;

  • жатырлық қан кетулерде бірінші көмек көрсетуді;

  • осы тақырып бойынша рецепт жазуды;

  • ДЖҚК қайталануын алдын –алуын жүргізуді.


5. Сабақ бойынша дайындық сұрақтары:



    • Базистік білім бойынша




  • Етеккір айналымы және оның реттелуі.

  • ДЖҚК кезіндегі ановуляцияның патогенезі.

  • Функционалды диагностика тесттерінің көмегімен аналық бездің қызметін анықтау (базалды температура, «көз қарашығы», «папоротник» симптомы, цервикалды шырыштың созылу симптомы және т.б)

  • Етеккір айналымының бұзылыстарының жіктелуі.

  • Етеккір айналымының бұзылыстарының диагностикалау әдістері.




    • Сабақ тақырыбы бойынша




  • ДЖҚК-дің жіктелуі.

  • ДЖҚК клиникасы.

  • ДЖҚК себептері.

  • Ювенилді жатырдан қан кетудің клиникасы.

  • Ювенилді жатырдан қан кетудің дамуына әкелетін факторлар.


6.Ақпаратты дидактикалық блок.


Ювенилді жатырдан қан кету.

Ювенилді жатырдан қан кету – етеккір қызметі қалыптасатын кезеңде, жыныс мүшелерінің органикалық өзгерістерімен (ісіктер, даму ақаулары, аденомиоз, эндометрийдің гиперпластикалық аурулары) немесе қанның ұю жүйесінің бұзылыстарына әкелетін жүйелік аурулармен (қан, бауыр аурулары және т.б) байланысты емес дисфункционалды жатырдан қан кетулер. Балалардың гинекологиялық тәжірибесінде мұндай патологиялық жағдайларды оқып білудің маңыздылығы эндометрий мен аналық бездердің (эндометрийдің гиперплазиясы, аденокарцинома, аналық бездердің склерополикистозы) фонды және ісіктік ауруларына өтудің жоғары қаупімен байланысты.

Эндометрийдің шырышты қабаты әйел организмінің сенситивті аймақтарының бірі болып табылады. Л. Н. Василевская, К. Н. Жмакин және т.б гормоналды дисфункция белгілі бір уақыттан кейін жатырдың ішкі қабатының құрылысы өзгерісіне әкеледі. Жас өспірімдер гинекологиясының құрылысында ЮҚК жиілігі 25-37%.

Шартты түрде бөледі:

    • меноррагиялар — барлық кезеңде етеккір қанының көлемінің 80 мл-ден көп немесе ретті етеккір айналымының сақталуымен етеккір ұзақтығының 7-8 күннен көпке артуы;

    • метроррагиялар (метропатиялар) — етеккір айналымымен байланысты емес жатырдан қан кетулер.

ЮҚК асқынулары.

1.Кіші жамбас ағзаларының қабыну аурулары - эндометрит, сальпингоофорит. Бұл асқынулар ұзақ уақыт қан кеткен кезде (10 күннен көп), кейде екіншілік бактериалды қабыну процессімен байланысты көп емес қан кетулерде пайда болады.

2. Постгеморрагиялық анемия, гипоксемия;

3. Гемостаз жүйесінде екіншілік бұзылыстар : тромбоцитопениялар, гемокоагуляция , фибринолиз өзгерістері, жатыр ішілік гемостаздың бұзылыстары, \ТІШҚҰ- синдромының жасырын және созылмалы түрлері;

Аналық бездердің патоморфологиялық өзгерістері (пісіп жетілген фолликулдың ұзақ уақыт персистенциясының болуы, пісіп жетілмеген фолликулдың атрезиясы мен персистенциясы) қан кету сипатына әсер етеді.

Көп жағдайларда ЮҚК ановуляторлы. Пациенттерде ретсіз, қайталанатын, аздан көпке дейін ұзақ уақыт қан кетулер байқалады.

Диагностикасы.

Гормоналды тексерулер. Функционалды диагностика тесттер:

  • мойын шырышының циклдық өзгерістері - «көз қарашығы» симптомы, «папоротник» феномені;

  • базалды температураны өлшеу;

  • гормоналды кольпоцитология.

Шеткері қан сарысуындағы пептидті және стероидты гормондардың деңгейін анықтау

(эстрадиол, прогес­терон, тестостерон, ФСГ, ЛГ, пролактин, кортизол, ТТГ, ТЗ, Т4).

Эстрогендердің деңгейі бойынша ЮҚК шартты бөледі:

  • гипоэстрогенді;

  • нормоэстрогенді;

  • гиперэстрогенді.

Гемостатикалық терапия тағайындағанда ЛГ/ФСГ қатынастарының коэффициентіне көңіл аудару керек. ЛГ/ФСГ индексі – 0,6-0,7- болжамы жақсы, ЛГ/ФСГ индексі –0,5 төмен немесе 1,0 жоғары- болжамы жаман. Сонымен бірге, пролактин мен кортизолдың (пролактин концентрациясы 400м МЕ/л жоғары болса болжамы жаман) концентрациясына көңіл аудару керек.

Салыстырмалы диагностикасы.

1. Қан жүйесінің аурулары.

Верльгоф (тромбоцитопениялық пурпура).

2. Органикалық гинекологиялық аурулар.

Жатыр миомасы,

3. Үзілген жүктілік.

4. Склерокистозды аналық без синдромы.

5. Жыныс жүйесінің қабыну аурулары

6. Жарақаттық зақымдалулар.

7. ОНЖ органикалық зақымдалулары (гипофиз, гипоталамус ісіктері).

Емі.

ЮҚК патогенезінің ерекшеліктері әртүрлі пациенттерде емдеу барысында унифицирленген үлгіні қолдану мүмкін еместігін анықтайды. Осыған байланысты себептері мен ЮҚК механизмдерін анықтау емдік шаралардың көлемі мен сипатын , гемостатикалық немесе реабилитациялық терапия жүргізгенде гормоналды препараттарды дұрыс таңдауды анықтайды.

ЮҚК емдеудің тактикасы бастапқы гормоналды фонның ерекшеліктеріне, қан кету күшіне, анемияның болуына байланысты.

Ювенилді қан кетулердің терапиясы кешенді, жеке- дифференцирленген және патогенетикалық негізделген болу керек. ЮҚК коррекциялау екі негізгі кезеңді енгізеді: 1. гемостаз;

2. гипоталамо-гипофизарлы-аналық без жүйесінің қызметтерінің қалыптасуының бұзылыстарын реабилитациялау ( немесе жатырдан қан кетудің қайталануын алдын-алу).

Гемостатикалық терапия

Емді емдік-қорғау тәртібін құрудан бастау керек- физикалық және психикалық күштерді жою, құнды тамақтану, қалыпты 8-10 сағаттық ұйқы. Айқын психоэмоционалдық бұзылыстарда седативті препараттарды, аксиолитиктерді, аз дозада траквилизаторларды

(валериан , пустырник тұнбасы, реланиум 1 таб күніне 1 рет) қолдану. Асқынған түрлерінде, қан кету 10 күннен көпке созылғанда емді стационарда жүргізеді.

ЮҚК гормоналды емес коррекциялау.

Қан кету ұзақтығы 10 күннен аз болғанда, қанның қалыпты көрсеткіштері, анемияның болмауы, эндометрийдің эхографиялық қалыңдығы 5-7 мм-ден көп емес, ЛГ/ФСГ индексі =0,6-0,7; пролактин концентрациясы 400мМЕ/л аз болғанда пероралды гемостатикалық терапия жүргізу ұсынылады. Кальций глюконат 1,5 г/ тәулігіне, этамзилат 1,5 г/ тәулігіне, викасол 0,03 г/ тәулігіне қолданылады. Сонымен бірге витаминдер (С, Е, Bl, B12), жатыр бұлшық етін жиыратын заттар (котарнин хлорид 0,05 г күніне 2-3 рет, эрготал, эрготамин, эргометрин малеат, су бұрышының тұнбасы, қалақай, жұмыршақ тұнбасы) қолданылады.

Емдік шаралардың кешеніне физиотерпиялық ем қолданылады. Гемостаз жүйесінің біріншілік және екіншілік бұзылыстарында қарсы көрсеткіш. ФТЕ келесі әдістері қолданылады:

  • кальциймен эндоназалды электрофорез ( бұл әдіс инфекциялық аурулардан, ЖРВИ, тұмаудан және т.б кейінгі ЮҚК нәтижелі);

  • сүт бездерінің ұшын уқалау немесе вакууммен тітіркендіру (аутомаммаризация);

  • күн өрімінің диатермиясы;

  • төменгі жиілікті импульсті тоқпен эндоназалды электростимуляция

  • магнитотерапия.

Рефлексотерпия

Фитотерпия

Гомеопатиялық препараттар

Гормоналды гемостаз

Гормоналды коррекцияның негізгі принциптері

Гормонды терапия жүргізгендегі қателіктер:

  • қан кету 1-2 күнге тоқтағанда емдеу курсын үзу;

  • эстрогенді гемостазда курсты гестагенді препараттармен тағайындаумен аяқтамау;

  • гормоналды гемостатикалық терапияны тоқтатқаннан кейін етеккір тәрізді реакция қан кетудің қайталануы деп санау.

Жатыр қуысы мен цервикалды өзекті жеке диагностикалық қыру.

Көрсеткіштері:

  • көп мөлшерде қан кету;

  • гемоглобин деңгейінің 70 г/л-ге дейін төмендегенде постгеморрагиялық анемия және гематокриттің 25% төмендеуі;

  • жүргізілген гемостатикалық емнен нәтиже болмағанда;

  • эндометрийдің органикалық өзгерістеріне күмәнданғанда ( эндометрийдің эхографиялық қалыңдығы 14-18 мм және одан көп);

  • гормоналдық фонның айқын бұзылыстары ( ЛГ/ФСГ индексі 0,5-тен төмен немесе 1,0 көп; пролактин концентрациясы 400 м МЕ/л жоғары);

  • 2 жыл ішінде ЮҚК қайталануы;

  • ормондарды көтере алмау;

  • гормоналды гемостазды тағайындағаннан кейін көп мөлшерде қан кету.

Қабынуға қарсы терапия.

Етеккір айналымын гормоналды емес стимуляциялау

Гормоналды коррекция

Дисфункционалды жатырдан қан кету.

Дисфункционалды жатырдан қан кету репродуктивті кезеңдегі гинекологиялық аурулар-дың 4-5 % құрайды.

Этиологиясы мен патогенезі.

Ми қыртысы-гипоталамус-гипофиз-аналық без-жатыр жүйесінің зақымдалуының этиоло-гиялық факторы болуы мүмкін: стерсстік жағдайлар, климаттың өзгеруі, ой еңбегі мен физикалық күштің шамадан тыс түсуі, кәсіптік зияндар, қолайсыз тұрмыстық жағдайлар, гиповитаминоздар, улану, инфекциялар, аборттан кейінгі гормоналдық гомеостаздың бұзылыстары, кейбір дәрілік препараттарды қабылдау.Бұдан басқа аналық без деңгейінде біріншілік бұзылыстар байқалуы мүмкін. Овуляцияның бұзылу себептері қабыну процесстері мен инфекциялық аурулар болуы мүмкін: 75% жағдайларда жатыр қосалқыларының қабыну процесстерінде етеккір қызметі бұзылады. Қабыну нәтижесінде аналық бездің белоктық қабықшасы қалыңдайды, қанмен қамтамасыз етілуі бұзылады және гонадотропты гормондарға сезімталдығы төмендейді. Гипоталамо-гипофизарлы жүйенің бұзылыстары жатыр мен аналық безде функционалды-морфологиялық өзгерістерге әкеледі. Клинико- морфологиялық және патогенетикалық механизмдерге байланысты дисфункционалды жатырдан қан кету ановуляторлы және овуляторлы деп бөлінеді.

Ановуляторлы дисфункционалды жатырдан қан кету:

-фолликуланың персистенциясы (абсолютті гиперэстрогения);

-фолликуланың атрезиясы (салыстырмалы гиперэстрогения);

Овуляторлы дисфункционалды жатырдан қан кету:

-етеккір аралық;

-сары дененің персистенциясы.

Клиникасы.

Дисфункционалды жатырдан қан кетудің негізгі шағымы етеккір ырғағының бұзылуы. Фолликулдардың персистенциясы қысқа уақыт болады, фолликулдар кері дамығанда жатырдан қан кету күштілігі мен ұзақтығы бойынша қалыпты етеккірден айырмашылығы жоқ. Ановуляторлы етеккір айналымында фолликулдардың персистенциясы ұзақ уақыт болып қан кету етеккір 6-8 аптаға дейін тежелгеннен кейін байқалады. Қан кету бір азайып, бір көбейіп ұзақ уақытқа жалғасады. Эндометрийдің функционалды қабаты базал-ды қабатына дейін бұзылуы мүмкін. Ұзақ уақыт бойы қан кету анемияға және организмнің әлсіреуіне әкеледі.Сары дененің персистенциясынан дисфункционалды жатырдан қан кетуде етеккір уақытында немесе сәл тежелгеннен кейін байқалады. Әрбір жаңа циклмен ол ұзарып көбейеді,қан кетуге айналып,1-1,5 айға созылады. Дисфункционалды жатырдан қан кетумен науқастарда аналық бездің қызметінің бұзылуы бедеулікке әкеледі.

Диагностикасы.

Репродуктивті жастағы жатырдан қан кетулердің себептері жыныс жүйесінің әртүрлі мүшелерінің аурулары болуы мүмкін: гениталийдің қатерлі және қатерсіз аурулары, эндометриоз, жатыр миомасы,жыныс мүшелерінің жарақаты, жатыр мен қосалқыларының қабыну процесстері, үзілген жатырлық және жатырдан тыс жүктілік, артифициалды аборттан немесе өздігінен болған түсіктен кейін ұрық жұмыртқасының қалып қоюы, босанған нан және аборттан кейінгі плацентарлы полип. Жатырлық қан кетулер экстрагениталдық ауруларда да байқалуы мүмкін: қан аурулары, бауыр, жүрек-тамыр жүйесінің аурулары, эндокринді патологиялар. Репродуктивті кезеңдегі дисфункционалды жатырдан қан кету мен науқастарда бас миының қыртысының, гипоталамустың, гипофиздің, аналық бездің, жатырдың, қалқанша, бүйрекүсті бездерінің органикалық зақымдалуларын, экстрагениталдық ауруларды анықтап жоққа шығару керек.

Дисфункционалды жатырдан қан кетудегі тексеру әдістері:

-клиникалық (анамнез, обьективті, жалпы және гинекологиялық қарау);

-функционалды диагностика тестері бойынша тексеру (базалды t-ны өлшеу, көз қарашығы симптомы, цервикалді шырыштың созылу симптомы, КПИ санау);

-бас сауытының ренгенографиясы, ЭЭГ, эхо-ЭГ, РЭГ;

-қан сарысуы мен зәрдегі гормондардың құрамын анықтау (гипофиз, аналық без, қалқанша, бүйрекүсті бездерінің);

-УДЗ,гидросонография,ГСГ;

-жеке диагностикалық қырумен гистероскопия және алынған материалды морфологиялық

тексеру;

-терапевт, офтальмолог, эндокринолог, невропатолог, гематолог, психиатрдан тексерістен өту;

Анамнезді толық жинау қан кетудің себебін анықтауға көмектеседі. Дисфункционалды жатырдан қан кету әдетте инфекциялық аурулардан, жатыр қосалқыларының қабыну про-цесстерінен,кеш менархемен науқастарда байқалады. Менархе кезеңінен етеккірдің ретсіз келуі, ювенилді дисфункционалды жатырдан қан кету репродуктивті жүйенің тұрақсызды-ғын көрсетеді. Репродуктивті жаста генеративті қызметтің бұзылыстары ановуляторлы қан кету мен лютеинді фазаның жетіспеушіліг мен аналық бездің гипофункциясын білдіреді.


Емі.

Клиникалық көріністеріне,гистологиялық тексерудің нәтижелеріне байланысты.

Дисфункционалды жатырдан қан кетуде диагностикалық қыру жүргізіледі. Қан кету қайталағанда гормоналды гемостаз жүргізуге болады.

Климактериялық кезеңдегі дисфункционалды жатырдан қан кету.

Клинкалық дисфункционалды жатырдан қан кету гинекологиялық аурулардың 15% құрайды. Вихляев Е.М. мәліметі бойынша барлық дисфункционалды жатырдан қан кету-лердің ішінде климактериялық кезеңде жиі кездеседі.

Этиологиясы мен патогенезі.

Репродуктивті кезеңнің аяқталуы репродуктивті жүйеде циклдік процесстердің бұзылыс-тарымен жүреді. Етеккір айналымын реттейтін жүйенің бір немесе бірнеше звенолардың бұзылыстары етеккір ырғағының бұзылыстарымен горомоналды гомеостазды өзгертеді және біртіндеп етеккірдің тоқтауына әкеледі. Климактериялық қан кетудің негізінде фол-ликулдардың пісіп жетілу процесстері мен гонадотропиндердің бөлінуінің бұзылыстары жатыр. Олар аналық бездің ановуляторлы дисфункциясына әкеледі.

Клиникасы.

Науқастар етеккір 8-10 күннен 4-6 аптаға дейін тежелгеннен кейін жыныс жолдарынан көп мөлшерде қан кетуге шағымданады. Жалпы жағдайы нашарлайды, әлсіздік, тітіркен-діргіштік, бас ауыруы қан кеткен кезде байқалады. Жатырдан қан кету нейроэндокринді, жүрек-тамыр, ОНЖ-нің патологиясына әкелуі мүмкін. 30% науқастарда климактериялық синдроммен зат алмасу және эндокринді бұзылыстар байқалады.

Диагностикасы.

Анамнез жинаған кезде етеккір қызметіне, репродуктивті қызметтеріне, инфекциялық ауруларына көңіл бөледі. Климактериялық қан кетулер қайталанады, жиі эндометрийде гиперпластикалық процесстермен, нейроэндокринді бұзылыстармен бірге жүреді. Жалпы қарудың нәтижесінде ішкі ағзалардың, эндокринді бұзылыстардың, зат алмасудың өзгеріс-терін анықтайды. Маңызды тәжірибелік мағынасы бар гениталийдің УДЗ (абдоминалді және трансвагиналді), эхографиямен миоматозды түйіндерді, аденомиоз ошақтарын, аналық бездің ісіктерін, поликистозын, гиперплазияланған жатырдың шырышты қабатын анықтауға болады. Жатыр ішілік патологияны анықтау үшін контрасты затпен УДЗ трансвагиналді (гидросонография) қолданылады. Гинекологиялық тексеруде әйелдің жасына және жыныс мүшелерінің өзгерістеріне көңіл бөлу керек. Тексерудің ең маңызды әдісі жатырдың шырышты қабатын жеке диагностикалық қырып, алынған материалды гистологиялық тексеру болып табылады. Сонымен бірге гистероскопия, компьютерлі томография, ядерлі магнитті резонанс,лапароскопия қолданылады. Керек жағдайда биопсия алады. ОНЖ жағдайын анықтау үшін эхо, электроэнцефалография, реоэнцефалография,бас сүйегін рентгенологиялық суретке түсіреді. Қалқанша бездерін УДЗ және гормоналдық тексерулер жүргізіледі.

Емі.

Климактериялық қан кетулер атипиялық гиперплазия мен эндометрийдің адено-карциномасының клиникалық белгілерінің бірі болып табылатындықтан ең бірінші пато-логиялық процессті толық анықтағаннан кейін ғана жүргізу керек. Климактериялық қан кетулердің емі жалпы емдік әсер, гормонотерапия, хирургиялық қатысулар. ОНЖ-нің қызметін қалпына келтіру үшін жағымсыз эмоционалды, шамадан тыс физикалық және ой еңбегін жою керек. Психотерапия, физиотерапия, бром, валериана препараттары, транквилизаторлар ОНЖ-нің қызметін қалпына келтіреді. Дисфункционалды жатырдан қан кетуде анемия дамитындықтан темір препараттарын қолданады. Витаминотерапияға В тобының, К,С,Р,Е витаминдерін тағайындайды. Гормонотерапия климактериялық қан кетулерді алдын алу бағытталған. Бұл мақсатпен жиі синтетикалық гестагендер (дюфастон, норколут, премолют) қолданылады. Гестагендер пролиферативті активтілігінің, эндометрийдің трансформациясының тежелуіне әкеледі және эпителийдің атрофиялық өзгерістерін тудырады. Дозасы әйелдің жасына және эндометрийдегі патологиялық өзгерістің сипатына байланысты болады.48 жасқа дейінгі әйелдерге ретті етеккір айналымын сақтайтын терапияны, 48 жастан асқан әйелдерге аналық бездің қызметін басатын терапияны тағайындауға болады. Сонымен бірге 19-норстероид (гестринол) және 17 этинил тестосетрон (даназол) туындыларын қолдануға болады. Препараттарды 4-6 ай үзіліссіз қолданады: даназол күніне 400 мг, гестринон 2,5 мг аптасына 2 рет. Комплексті емнің құрамына зат алмасу, эндокринді бұзылыстарды қалпына келтіретін ем кіреді. Жатырдан қан кетулер қайталай бергенде және қатерлі патологиялар болмаған жағдайда эндометрийдің аблациясын (лазерлі немесе электрохирургиялық) жүргізуге болады. Ол эндометрийдің базалді қабаты мен бездерінің бұзылыстарына әкеледі.


7. Сабақтың құрамы:

    • Бастапқы білім деңгейлерін бақылау (тесттер,жағдайлық есептер, ауызша сұрау)

Тесттік сұрақтар.

?

Ювенилді жатырдан қан кетудің негізгі себебі?

- гипофиздің аденомасы

+ гипоталамикалық құрылымдардың жетіспеушілігі

- аналық жыныс безінің поликистозы

- адрено-генитальді синдром

- қалқанша безінің гипофункциясы

?

Ювенилді жатырдан қан кету кезінде гемостаздың қандай түрі тағайындалады?

- гестагендер көмегімен гормональді

+ эстроген-гестаген препараттарының көмегімен гормоналды

- хирургиялық- жатыр қуысын қырнау

- аталғандар дұрыс емес

- барлық аталғандар дұрыс

?

Науқас 17 жаста. Диагнозы: ювенилді жастағы дисфункционалды жатырдан қан кету. Осы науқасқа жүргізілетін дәрігерлік тактика қандай?

- динамикалық бақылау

+ гормоналды гемостаз

- жандандырушы гормональді терапия

- жалпы жағдайын жақсарту

- хирургиялық гемостаз

?

Айқын инфантилизм кезіндегі ювенилді жатырдан қан кетудің алдын алу:

+ циклді гормонотерапия: І фазада- эстрогендер, ІІ фазада гестагендер

- ІІ фазада гестагендер

- І фазада гестагендер

- циклдің 5-25 күндерінде эстрогендер

- ІІ фазада эстрогендер

?

Әйелдер өмірінің қай кезеңінде дисфункционалды жатырдан қан кету жиі кездеседі?

+ жыныстық жетілу кезеңінде

- жыныстық жетілген кезеңінде

- постменопауза кезеңінде

- ерте репродуктивті кезеңде

- кеш репродуктивті кезеңде

?

Абсолютті гиперэстрогения кезінде ювенилді жатырдан қан кетудің қайталануын алдын алу үшін қандай гормондар тағайындалады?

- эстроген-гестаген препараттары 3-4 ай бойы

+ гестагендер циклдің 16-25 күндерінде 3-4 ай бойы

- гестагендер 5-25 күндерде 3-4 ай бойы

- циклдік гормонотерапия

- гестагендер 5-16 күндері 3-4 ай бойы

?

Жасы 9 дағы қыздарда жыныс жолдарынан қан бөлінгенде не істеу керек?

- гормоналды гемостаз

- бақылау

- жатырды жиыратын және қан тоқтататын дәрілер тағайындау

+ жергілікті органикалық этиологиясын шектеу

- хирургиялық гемостаз

?

Эстрогенді гемостаздан кейін қандай гормондар тағайындау қажет?

- эстроген- гестагенді препараттар циклдің 16-25 күнінде

+ эстрогендерді енгізудің аяқталуына үш күн қалғанда гестагендер

- эстрогенді гемостаздың аяқталуына үш күн қалғанда преднизолон

- парлодел 16-25 күндері

- барлық аталғандар дұрыс

?

Дисфункционалды жатырдан қан кету патогенезінде маңызды орын алады?

- гонадотропты гормондардың релизинг-факторының бөлінуінің цирхоральді ырғағының бұзылуы

- гонадотропиндердің циклді бөлінуі мен түзілуінің бұзылуы

- аналық жыныс бездерінде фолликулалардың өсуі мен пісу үрдістерінің бұзылуы

- овуляцияның болмауы

+ барлық аталғандар дұрыс

?

Пубертатты кезеңдегі дисфункционалды жатырдан қан кетуді тоқтатудың негізгі әдісін атаңыз?

+ біріктірілген эстроген-гестаген препараттарын гемостатикалық кесте бойынша тағайындау

- антигонадотропиндерді қолдану

- гестагендерді қолдану

- жатыр қуысының шырышты қабатын қырнау

- жиырылтқыш заттар тағайындау

?

Пременопаузада қан кетудің алдын алу мақсатында қандай гормоналды препараттарды қолданған жөн?

- эстрогендер 5 күннен бастап; қырнау 4-6 ай бойы

- эстроген-гестагенді препараттар 5-25 күндері 4-6 ай бойы

+ таза гестагендер 4-6 ай бойы

- І фазада эстрогендер мен ІІ фазада гестагендерді 4-6 ай бойы үйлестіріп беру

- ІІ фазада гестогендерді глюкокортикоидтармен 4-6 ай бойы үйлестіріп беру

?

Дисфункционалды жатырдан қан кетуі бар әйелдерде пременопаузада етеккірді басу үшін қандай шаралар қолданылады?

- эстроген-гестаген препараттарын ұзақ уақыт бойы қабылдау

- эстрогендерді ұзақ уақыт бойы қабылдау

+ үздіксіз тәртіпте гестагендерді ұзақ уақыт бойы қабылдау

- эндометрийдің криодеструкциясы

- іштің төменгі бөлігіне мыспен электрофорез

?

Гестагендердің үлкен дозасын тағайындауға қандай қарсы көрсеткіштер бар?

- аяқ тамырларының варикозды кеңеюі

- созылмалы пиелонефрит

+ анамнезіндегі тромбоэмболиялық асқынулар

- жатыр миомасы

- жатыр мен оның қосалқыларының қабынулық аурулары

?

Пременопаузадағы қан кетулер кезіндегі лапаротомия үшін көрсеткішті атаңыз?

- эндометрийдің безді- кистозды гиперплазиясы

- эндометрийдің безді немесе фиброзды полиптері

+ эндометрийдің аденокарциномасы

- жатыр миомасы

- дисфункциональді жатырдан қан кетуі

?

Репродуктивті жастағы дисфункционалды жатырдан қан кетуідің негізгі патогенезі қандай?

- етеккір циклінің лютеинді фазасының жеткіліксіздігі

- циклдің фолликулинді фазасының жеткіліксіздігі

+ фолликула персистенциясы

- фолликула атрезиясы

- гиперлютеинизм

?

Фолликулдың персистенциясы түріндегі жатырдан дисфункционалды қан кетуге тән:

- кариопикнотикалық индекс 30% төмен

- екі фазалы базальді температура

- етеккірдің 3 және оданда көп ай келмеуі

+ эндометридің гиперплазиясы

- жиі пубертатты жаста

?

Репродуктивті жастағы жатырдан дисфункционалды қан кету кезіндегі гемостаздың түрлерін атаңыз:

- эстрогендермен

+ хирургиялық гемостаз-жатыр қуысы мен цервикальді өзекті бөлек қырнау

- гестагендермен

- комбинирленген эстроген-гестагенді препараттармен

- утеротониктер және гемостатикалық препараттар тағайындау


    • Интерндердің өзіндік жұмысы

(лабораторлық зерттеулер, науқастармен жұмыс істеу, тәжірибелік дағдыларды үйрену және бекіту, анамнез жинау, клиникалық қарау және т.б, диагностика кабинетінде жұмыс істеу)


    • Оқытушымен бірге жұмыс

Оқытушымен бірге курациялаған науқастарын талдайды. Жатыр қуысын диагностикалық қыруды үйренеді.


8. Ұсынылатын әдебиеттер


Негізгі әдебиеттер:

1.Акушерская и гинекологическая помощь/Под ред. Кулакова В.И. М., 1995.

2. Гинекология: Учебник для мед. вузов/Под ред. Г.М.Савельевой,В. Г. Бреусенко.- 0.- М: ГЭОТАР- МЕД, 2004.-

3.Учеб. пос. для мед. вузов/ Вл. И.Дуда, В.И.Дуда, И.В.Дуда.-Минск:Интерпрессервис; Кн. Дом, 2002

4.Клиническая фармакология для акушеров-гинекологов/ Практ. рук. Бороян Р.Г. М., 1997.

5.Василевский Л.Н., Грищенко Е.И., Кобзева И.Б. Гинекология /учебник/. М., 1988.

6.Неотложное акушерство/под ред. Степанковского К.Г., Венцковский Б.М. Киев, 1994.

7.Практический справочник по акушерству и гинекологии /под редакцией Цевелева Ю.Г., 1995

8.Справочник по акушерству и гинекологии. М.,1997.

9.Гинекология детского и подросткового возрастов.Кульбаева К.Ж, Гуркин Ю. Астана, 1999.

10.Некоторые вопросы эндокринологической гинекологии /учебное пособие/. Дощанова А.М. Алматы, 1999.

11.Р.Э.Козденов. Гинекология - Алматы «Ғылым»,2001 ж


Қосымша әдебиеттер:

12.Айламазян Э.К., Рябцева И.Т. Неотложная помощь при экстренных состояниях в гинекологии. Н.Новгород, 1997.

13.Бохман Л.В.Руководство по онкогинекологии. Л., 1989.

14.Кулаков В.П. Аборты и их осложнения. М.,1993.

15.Малевич К.И., Русакевич П.С. Лечение и реабилитация при гинекологических заболеваниях. Высш.школа, 1994.

16.Сметник В.П., Тумилович Л.Г. Неоперативная гинекология. Санкт-Петербург, 1995.

17.Учебно-методические пособия по акушерству и гинекологии.Караганда,2003.

Добавить документ в свой блог или на сайт

Похожие:

Курсы: VII құрастырған: ассистент Жанабаева С.Ө iconКурсы: VII құрастырған: ассистент Жанабаева С.Ө
Тақырыбы: «Гениталды туберкулезді диагноздау және емдеу қағидалары. Диагноздау әдістері (бактериологиялық, бактериоскопиялық, рентгенологиялық,...

Курсы: VII құрастырған: ассистент Жанабаева С.Ө iconКурсы: VII құрастырған: ассистент Жанабаева С.Ө
...

Курсы: VII құрастырған: ассистент Жанабаева С.Ө iconКурсы: VII құрастырған: ассистент Жанабаева С.Ө
Тақырыбы: «Босануды шешуші операциялар (кесар тілігі, акушерлік қысқыштар, ұрықты вакуум-экстракциялау, ұрық бұзушы операциялар)....

Курсы: VII құрастырған: ассистент Жанабаева С.Ө iconКурсы: VII құрастырған: ассистент Жанабаева С.Ө
Аборттар өздігінен және жасанды деп бөлінеді. Өздігінен болатын түсіктерге жүктілікті үзуге арнайы әсер етусіз болатын түсіктерді...

Курсы: VII құрастырған: ассистент Жанабаева С.Ө iconКурсы: VII құрастырған: ассистент Жанабаева С.Ө
Көп нәрестелі жүктілік 0,5-2% кездеседі және егіз,сирек үш нәрестенің туылуымен аяқталады.Өте сирек одан көп нәрестенің тууы мүмкін....

Курсы: VII құрастырған: ассистент Жанабаева С.Ө iconКурсы: VII құрастырған: ассистент Мамалинова Г. К
Тақырыбы: «Бастың жазылып келуіндегі босануды жүргізу. Ана мен ұрық асқынулары, босану биомеханизмі»

Курсы: VII құрастырған: ассистент Жанабаева С.Ө iconЛечение пульпитов временных зубов методом девитальной ампутации Бинцаровская Г. В., доцент, к м. н., Демьяненко Е. А., ассистент, к м. н., Валеева З. Р., ассистент, (Белмапо), Чемель Л. А., Цгсп (г. Гродно)
Бинцаровская Г. В., доцент, к м н., Демьяненко Е. А., ассистент, к м н., Валеева З. Р., ассистент, (Белмапо), Чемель Л. А., Цгсп...

Курсы: VII құрастырған: ассистент Жанабаева С.Ө iconКонсультации по нормоконтролю трофимович Алексей Федорович, ассистент каф. Итас среда 15. 20-16. 50, 601а-5, четверг 15. 20-18. 55, 601а-5
Трофимович Алексей Федорович, ассистент каф. Итас среда 15. 20-16. 50, 601а-5, четверг 15. 20-18. 55, 601а-5

Курсы: VII құрастырған: ассистент Жанабаева С.Ө iconДоклад на пленарном заседании до 15 минут, доклад на секции до 10 минут, выступление до 5 минут. 10 - 11 июня состоится VI всеукраинский научно-методический семинар для учителей русского языка и литературы «русская словесность: теория и школьная практика»
Ялте в рамках VII международного фестиваля «Великое русское слово» состоится VII международная научно-практическая конференция «русский...

Курсы: VII құрастырған: ассистент Жанабаева С.Ө iconВниманию абитуриентов – 2012 года
Подготовительные курсы с 1 февраля 2012 года начинают набор абитуриентов на 2-х месячные и экспресс курсы

Разместите кнопку на своём сайте:
Библиотека


База данных защищена авторским правом ©lib2.skachate.com 2013
обратиться к администрации
Библиотека
Главная страница